8D07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
D114 Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты

Жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін инновацияларды әзірлеу мен енгізуде құзыретті, іргелі және өзекті қолданбалы ғылыми зерттеулерге қабілетті жоғары кәсіби ғылыми-педагогикалық және басшы кадрларды даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • мәтінді мағыналық талдау тәсілдерін, мәтінді коммуникативтік талдау әдістемесін, аннотация және реферат жанрларын қолданады

  • диссертациялық жұмыста ғылыми зерттеулердің, эксперименттік деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістерін қолданады

  • басқару, ұжым басшылығы, шығармашылық және педагогикалық шеберлік дағдыларын қолданады, оқытуда инновациялық білім беру технологияларын қолданады

  • инновациялық материалдардан жасалған бұйымдарды жобалау кезінде сапаның жаңа көрсеткіштерін, бағалау, болжау әдістерін әзірлейді

  • жеңіл өнеркәсіп саласындағы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерделейді және талдайды

  • жеңіл өнеркәсіп саласында ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады

  • таңдалған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсетеді, ғылыми іс-шараларға, іргелі ғылыми отандық және халықаралық жобаларға қатысады

  • жеңіл өнеркәсіп саласында әлемдік және қазақстандық ғылымға инновациялық әзірлемелерді енгізудің отандық және шетелдік тәжірибесін пайдаланады

  • қолданыстағы зерттеу әдістерін жетілдіреді және нақты зерттеу міндеттеріне негізделген жаңа әдістерді әзірлейді

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз