8D07101 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
8D071 Инженерия и инженерлік іс(Даярлау бағыты)
D097 Химиялық инженерия және процесстер(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты

Органикалық және мұнай-химия өндірісінің химиялық технологиясы, соның ішінде ұлттық экономиканың және әлеуметтік саланың әртүрлі облыстары үшін полимерлерді өндіру және өңдеу саласында іргелі білім беру, әдістемелік және ғылыми-зерттеу құзыреті мен терең білімге ие жоғары білікті химик-технологтарды дайындау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • органикалық катализ және көпфункционалды наноматериалдар саласының химиялық технологиядағы заманауи жетістіктері туралы терең білім береді

  • жаһандану және халықаралықтандыру жағдайында химиялық технологияның даму заңдылықтарын, бағыттары мен замануи тенденцияларын біледі

  • оқыту, ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік қызметтері бар ЖОО оқу-тәрбие процесін жүргізу дағдыларын меңгереді

  • патенттік іздеу жүргізу және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы ғылыми ақпаратты беру, халықаралық деңгейде кәсіптік қарым-қатынас дағдыларын меңгерген

  • нарықтық экономиканың ерекшеліктерін, экологиялық проблемаларды және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең түсінуге негізделген химиялық технологтың ұйымдық-басқарушылық және кәсіпкерлік қызмет саласындағы кәсіби құзыреттілігін көрсетеді

  • қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістеріне негізделген инновациялық органикалық өнімдердің химиялық технологияларын дамыту саласындағы тәуелсіз ғылыми зерттеулерді жоспарлауды, дамытуды, жүргізе алуын көрсетеді

  • өзінің ерекше зерттеулерімен үлесін қосып және әріптестеріне, ғылыми қоғамдастығына және жалпы қоғамға өз жетістіктерін жеткізеді

  • зерттеу барысында алынған нәтижелерді жоғары дәрежелі басылымдарда есептер мен ғылыми жарияланымдар түрінде ұсынады

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз