8D05101 Биотехнология

8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика(Білім беру саласы)
8D051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар(Даярлау бағыты)
D082 Биотехнология(Білім беру бағдарламаларының тобы)

БББ мақсаты

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы биотехнологиялық ғылым мәселелерін тұжырымдап, шеше алатын, ғылыми-зерттеу зерттеу жұмыстарын орындайтын, басқарушылық және жобалау-сараптамалық қызметті жүзеге асыра алатын, білім беру саласында қызмет ететін  ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • аналитикалық мәтіндік қызмет, ақпаратты сыни бағалау және сандық технологияларды пайдалану арқылы ғылыми және кәсіби коммуникация технологияларын қолданады

  • қоршаған орта, өмір, мәдениет құндылықтары туралы ғылыми білім жүйесін көрсетеді. Қоғамның әлеуметтік немесе мәдени даму міндеттерін шешу үшін зерттеудің жаңа әдістерін меңгереді

  • жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылымның дамуының қазіргі бағыттары мен заңдылықтары туралы пікір шығарады

  • кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу үшін терең мамандандырылған кәсіби теориялық білімді қолданады

  • биотехнологиялық өнімдерді зерттеудің заманауи әдістерін біледі және қоғамның әлеуметтік немесе мәдени даму міндеттерін шешу үшін шикізаттың қасиеттері мен сапасын зерттеу әдістерін қолданады

  • ғылымда, техника мен технологияда, кәсіби салада жаңа құбылыстардың биотехнологиялық салдарын бағалайды

  • ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін зерттеу деректерін түсіндіреді. Биотехнология саласындағы қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын ғылыми зерттеуді әзірлейді, жоспарлайды және жүргізеді

  • өнім өндірісінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін негізделген инновациялық шешімдерді ұсынады

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз