Public Talk "Ichi-go ichi-e: кешкі асты тәжірибеге қалай айналдыруға болады"

АТУ әлемдік жоғары асхана мен мейрамханалық бизнестің ірі оқиғаларының бірі – IN THE KITCHEN – Anniversary Edition мерейтойлық кештерінің Academic Partner ретінде қатысады.

Аталған іс-шараға 2* Michelin жұлдызының иегері атақты Шеф-аспаздар: Доминик Сато @dominiksato (Швейцария), Фабио Тоффолон @f.toffolon (Швейцария) және Йошико Сато (Жапония) қатысады!

Іс-шара аясында университетімізде Public Talk «Ichi-go ichi-e: кешкі асты ерекше әсерге айналдыру жолдары» тақырыбында ашық кездесу және Йошико Сато командасынан plated-десерттер бойынша демонстрациялық сессия өтеді.

Public Talk-тың белсенді қатысушыларына Michelin жұлдызды Шеф-аспаздарынан Laureate Grand Cafe @laureate_grand_cafe мейрамханасында 3 күндік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі!

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қоғамдық және мамандандырылған тамақтану өнімдерінің технологиясы», сондай-ақ «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттерін асыға күтеміз!

Күні: 2025 жылғы 23 қазан

Уақыты: 12:00

Төле би көшесі, 100, ATU Inn

Толығырақ ақпарат алу үшін Сіз өзіңіздің Деканаттарыңызға жүгіне аласыз!