АТУ жыл сайынғы «START-UP ATU-2026» стартап жобалар байқауының өткізілетіні туралы хабарлайды!
«START-UP ATU — 2026» - бұл университет студенттерінің, магистранттарының, докторанттарының өмір сапасын жақсартуға, инновацияларды енгізуге және озық білім мен технологияларды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне беруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар және коммерциялық перспективалы бизнес-идеяларын қолдау.
Біз инновациялық бизнес-идеяларын, ғылыми-техникалық әзірлемелері мен қолданбалы сипаттағы жобаларын ұсынуға дайын университетіміздің студенттерін, магистранттары мен докторанттарын қатысуға шақырамыз.
Байқауды өткізу кезеңдері
1-кезең (факультетішілік)
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 23 қарашадан 4 желтоқсанға дейін.
Бұл кезеңде жүзеге асырылады:
- стартап-жобаның тұжырымдамасы мен негіздемесін әзірлеу;
- байқауға қатысуға өтінімдерді рәсімдеу және беру;
- кафедра деңгейінде алдын ала іріктеу жүргізу;
- Ғылым департаментіне бекіту және тапсыру үшін факультеттер кеңесінің отырыстарында үздік жобаларды ұсыну.
Жауаптылар: факультет деканаттары, кафедралар, Ғылым департаменті.
2-кезең (университетішілік)
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 7 желтоқсаннан 18 желтоқсанға дейін.
Бұл кезеңде келесі жұмыстар жүргізіледі:
- перспективалы start-up жобалардың университетішілік таныстырылымын;
- университеттің Ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК) мүшелерінің қатысуымен перспективалы стартап-идеяларды сараптамалық бағалау және іріктеу;
- финалистер тізімін қалыптастыру.
Жауаптылар: Ғылым департаменті, университеттің Ғылыми-техникалық кеңесі (ҒТК).
3-кезең (финалдық)
Өткізу мерзімі: 2027 жылғы 25 қаңтардан 29 қаңтарға дейін.
Соңғы кезең қамтиды:
- байқаудың Сараптамалық кеңесінің алдында жобаларды көпшілік алдында таныстыру және қорғау;
- өз жобаларын әзірлеу және іске асыру барысында үздік нәтижелерге қол жеткізген жеңімпаздарды анықтау;
- байқау комиссиясының қорытынды нәтижелерді бекітуі және жеңімпаз жобаларды одан әрі сүйемелдеу бойынша ұсынымдар дайындау.
Жауаптылар: Ғылым департаменті, Сараптамалық кеңес, Ұйымдастыру комитеті.
Нәтижелер мен Марапаттар
Байқау нәтижелері университеттің ресми сайтында және ішкі корпоративтік ақпараттандыру арналары арқылы жарияланады.Финалдық кезеңнің қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары шағын инновациялық кәсіпорындар құру мақсатында стартап-жобаларын іске асыруға арналған гранттарға ие болады. Маңызды! Қаржыландыру бизнес-серіктестердің, инвесторлардың және басқа да мүдделі ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Байқауды іске асыру мерзімі
Байқаудың жалпы өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 23 қарашадан 2027 жылғы 29 қаңтарға дейін.
Құжаттарды тапсыру тәртібі
Байқауға қатысу үшін «START-UP ATU» жобалар байқауын өткізу туралы ережеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет.
Құжаттар белгіленген мерзімде қағаз және электрондық нұсқада тапсырылады.
Байқау құжаттамасы университеттің ресми сайтындағы бөлімде орналастырылған: https://atu.edu.kz/science/conferences-competitions/competitions/
Өтінімдерді рәсімдеу және байқау құжаттамасына қатысты түсіндірмелер алу мәселелері бойынша Ғылым департаментіне хабарласуға болады: Төле би көшесі, 100, Бас оқу корпусы, 611, 617-кабинет немесе тел.: +7 747 981 3617 Қалдарбекова Мәдина Әбді-Ахметқызы