«Процесске ену: АТУ студенттері Самал ауыз су өндірісінде болды»
"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" бағыты бойынша оқитын АТУ тағам технологиялары факультетінің студенттері "Samal" брендімен танымал ауыз судың өндірушісі болып табылатын "Керемет Су СКЕ"кәсіпорнында болды.
"Samal" су көзі тереңдігі 300 метрден асатын Қазақстанның артезиан жерасты көздерінің № 2940 ұңғымасы болып табылады. Ұңғыма Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан. Су ұңғымадан құю желісіне дейінгі жолдан өту кезінде механикалық тазалауды, жұмсартуды, сүзуді, молекулалық тазартуды және ультракүлгін сәулемен зарарсыздандыруды қоса алғанда, бес сатылы кешенді өңдеуден өтеді. "Самал" өзінің ерекше балғын дәмін озонға малынған судан кейін алады.
Біздің студенттер өндіріс процесін көре алды, сонымен қатар зертханалық суды талдау және кәсіпорындағы сапаны бақылау процесімен танысты.