АТУ Тағам технологиялары факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасында Қазақстанның Сүт одағы және университетіміздің ұйымдастыруымен «Қазақстан сүтті – 2025» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

АТУ Тағам технологиялары факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасында Қазақстанның Сүт одағы және университетіміздің ұйымдастыруымен «Қазақстан сүтті – 2025» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға сала сарапшылары, өндірушілер мен ғалымдар қатысты. 2025 жылы АТУ мен Қазақстанның Сүт одағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, бұл құжат жас мамандарды даярлау мен азық-түлік өнеркәсібінің осы бағытында инновацияларды жүйелі түрде енгізуге мүмкіндік береді.

Семинар аясында екі күн бойы сүтті өңдеу, сүт өнімдерін, соның ішінде ірімшікті өндіру, сүт өңдеу зауыттарын нөлден бастап құру кезіндегі күрделі шығындарды азайту, сүт өнімдерін өндіру мен ассортиментін кеңейтуге қатысты инновациялық тәсілдер тақырыптарында пленарлық және секциялық отырыстар өтті. Сонымен қатар, деминерализацияланған сарысумен қышқыл сүт өнімдерін өндіру бойынша workshop, кәсіпорындағы ақуыздарды бөлу жүйесі, йогурт, сүзбе, ірімшік өндірісінде жылу мен суықты үнемдеу бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

Іс-шараның спикері – сүт өнеркәсібі технологиясы саласындағы жетекші сарапшы, техника ғылымдарының докторы, профессор Олег Викторович Дымар болды.

АТУ көптеген онжылдықтар бойы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін мамандар даярлау ісінде даусыз көшбасшы болып келеді. Университетіміздің нарықтың жетекші кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастығы ғылымды, түлектеріміз бен ғалымдарымыздың кәсіби дамуын шексіз кеңейтеді.