АТУ студенттеріне арналған Orbis Agro дәрісі
Тағам технологиялары факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» және «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттеріне арналған «Orbis Agro» компаниясының Бас директоры Arakawa Nobuyuki мырзаның қатысуымен «Жапония мен Қазақстан: қауіпсіздік мәдениеті мен сапа мәселелеріндегі өзара іс-қимыл» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
«Orbis Agro» компаниясы — Қазақстандағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны, «Orbis Kazakhstan» холдингінің құрамына кіреді. Компания 2018 жылы құрылған. Негізгі қызмет бағыты — дәнді, майлы және бұршақ дақылдарын өсіру. Кәсіпорын шамамен 100 мың гектар жер банкін басқарады және заманауи жылыжай кешендерін дамытуда.
Nobuyuki мырза өз дәрісінде Қазақстан мен Жапония арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы айтып, өндірістік процестерде қолданылатын инновациялық тәсілдерге тоқталды. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бұл бағыттың маңыздылығы ерекше екенін және салаға білікті мамандардың қажеттілігі жоғары екенін атап өтті.
6В07501 – Стандарттау, сертификаттау және метрология
АТУ коды: 053
Толығырақ ақпарат: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08

