АТУ студенттері IN THE KITCHEN халықаралық жобасына қатысты

АТУ халықаралық IN THE KITCHEN жобасына Academic Partner ретінде қатысуы аясында университет студенттері үшін әлемдік деңгейдегі аспаздық және өнер жұлдыздарының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Олардың арасында — 2*Michelin жұлдызды Шеф-аспаздар Доминик Сато @dominiksato (Швейцария), Фабио Тоффолон @f.toffolon (Швейцария) және Йошико Сато (Жапония), әйгілі австриялық суретші және мүсінші Норберт Брюннер, Laureate Grand Café @laureate_grand_cafe негізін қалаушы және In the Kitchen жобасының тең негізін қалаушы Айнур Ахметова @ainurakhmetovaco, зергерлік бутик Gioielleria Maison “Giglio” (Кремона, Италия) иесі Гильола Массерони, сондай-ақ жоба кураторы және швейцариялық 365 ART @365art.biz арт-платформасының негізін қалаушы Ольга Даниэле @olgadaniele.

Студенттер қазірдің өзінде Public Talk форматындағы кездесулерге қатысып, plated-десерттер бойынша демонстрациялық сессияның қатысушылары болды. Алда оларды «Laureate Grand Café» мейрамханасында Michelin Шеф-аспаздарынан 3 күндік тағылымдама күтуде.

АТУ – осындай жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізе отырып, оқыту мен кәсіби дамуға инновациялық тұрғыдан келетін алғашқы жоғары оқу орны.