ATU Inn оқу мейрамханалық-қонақүй кешенінде теориялық дөңгелек үстел мен шеберлік сабағы өтті

ATU Inn оқу мейрамханалық-қонақүй кешенінде «Итальян асханасы – материалдық емес мәдени мұра: дәстүр, бірегейлік және ЮНЕСКО мойындауы» жобасы аясында теориялық дөңгелек үстел мен шеберлік сабағы өтті.

Теориялық дөңгелек үстелде келесі спикерлер сөз сөйледі: Италия Елшілігінің уақытша сенімді өкілі Аниелло Петито, ЮНЕСКО Аймақтық хабы мәдени департаментінің жетекшісі Филипп Деланж, FFUN Foundation өкілі Маурицио Ароника, Алматыдағы Италия мәдени институтының директоры және Италия Елшілігінің мәдениет атташесі Эдоардо Кризафулли, сондай-ақ Экономика және бизнес факультетінің «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында АТУ мен Алматыдағы Италия мәдени институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шара аясында «Giardino» мейрамханасының шеф-аспазы Джорджио Палаццо итальян асханасының негізгі ингредиенттеріне арналған шеберлік сабағын өткізді. Белгілі шеф Алматы қаласында 24 жылдан бері тұрып, жұмыс істеп келе жатқанын айтып, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті және қаламыздағы мейрамхана бизнесінің қарқынды дамуы туралы баяндады.

Іс-шараны Экономика және бизнес факультетінің «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасы ұйымдастырды.