ATU Inn-де «Aldo Moro» Жерорта теңізі техникалық орталығының профессорлары жетекшілік ететін шеберлік сыныбы өтті

Италиялық ас үйдің әлемдегі X апталығы аясында, Қазақстандағы Италия Елшілігінің қолдауымен, ATU Inn оқу-мейрамхана-қонақүй кешенінде университетіміздің студенттері мен қызметкерлеріне арналған қонақ лекциясы және мастер-класс өтті. Оны Жерорта теңізі Техникалық орталығы «Aldo Moro» профессорлары - Fernando De Vito, Salvatore Urso және Antonio Casciaro жүргізді.

Қонақ лекция барысында спикерлер заманауи кулинарлық технологиялар мен гастрономиялық ғылым саласындағы жаңа тәсілдер мен зерттеулерді таныстырып, Жерорта теңізі ас үйінің негізгі кәсіби үрдістері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Демонстрациялық мастер-класста атақты италиялық профессорлар қызыл қызылшадан дайындалған кремі бар ризотто және пекорино ірімшігінен жасалған фондю дайындады. Мастер-классқа қатысушылар Жерорта теңізі гастрономиясының кәсіби тағам дайындау техникаларымен танысып, заманауи кулинарлық тәжірибеде қолданылатын қолданбалы дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болды.