АТУ-да жас ғалымдардың «Тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» атты конференциясы өтті

АТУ-да жас ғалымдардың "тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Пленарлық отырыста сөз сөйледі:

  • Чучвага Н.А., PhD, Satbayev University "Физика-техникалық институты" ЖШС директорының ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі орынбасары "Ғылыми әзірлемелерден орнықты даму мақсаттарына" баяндамасымен,
  • Ахметсадыкова Н.Ш., PhD, "Антиген" ҰКП ЖШС директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары "Органикалық азық-түлік нарығын дамыту: трендтер және тұтынушылардың қалауы" баяндамасымен,
  • Fawzy Sherif, PhD, Дрезден техникалық университетінің (Германия) Өңірлік елшісі "Техникалық тоқыма: зерттеу, экономика және қоғамға қызмет ету үшін даму жолы" баяндамасымен,
  • Айтказина М.А., PhD, АТУ Экономика және бизнес факультетінің "бухгалтерлік есеп және қаржы" кафедрасының қауымдастырылған зерттеуші профессоры "Мемлекеттің қаржылық инновациялары: жасыл экономикаға бағытталған курс" баяндамасымен.

Секциялық отырыстар 5 бағыт бойынша өтті: "Экологиялық қауіпсіз тамақ өнімдерін өндіру үшін шикізатты қайта өңдеудің инновациялық технологиялары. Агроөнеркәсіптік кешендегі биотехнология және наноматериалдар", "Жаңа буын бұйымдарын өндіру үшін тоқыма бұйымдарының ресурс үнемдейтін қауіпсіз технологиялары. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің дизайн-концепциялары мен жобалау әдістері", " Тағам және жеңіл өнеркәсіптің технологиялық процестері мен жабдықтары. Технологиялық процестерді басқаруды цифрландыру", "Тағам, жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлылық индустриясы және мейрамхана бизнесінің экономикасы және тұрақты дамуы" және "Білім берудегі инновациялық технологиялар".