АТУ-да Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

АТУ-да «Тағам, жеңіл өнеркәсіптері және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция аясында баяндамалар жасалды:

✅ Бисенбаев Амангельды Куанбаевич - б.ғ.д., «Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты» директоры, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Тақырыбы: «Аквакультурадағы антибиотик-терге төзімділік: микробқа қарсы резистенттікті жеңу үшін бактериофаг эндолизиндерін қолдану перспективалары». 

✅ Giovanni Ferrari – профессор, ProdAl Scarl Consortium - University of Salerno (Italy). Тақырыбы: «Инновациялық экстракция әдістерін қолдана отырып, агроөнеркәсіптік қалдықтардың құндылығын тұрақты арттыру».

✅ Мустафина Анна Сабирдзяновна – т.ғ.к., жеміс-көкөніс және өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы кафедрасының доценті, К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті (РФ). Тақырыбы: «Өсімдік шикізатынан биоактивті қосылыстарды алудың жасыл технологиялары». 

✅ Набиева Жанар Серикболовна – PhD, АТУ «Тағам қауіпсіздігі» ғылыи-зерттеу институтының директоры. Тақырыбы: «Азық-түлік қауіпсіздігі» ҒЗИ: мүмкіндіктері мен болашағы».

Келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтті:
«Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу және тағам өнімдерін өндіру технологиясы мен техникасы, олардың сапасы мен қауіпсіздігі»
«Жеңіл және тоқыма өнеркәсіптері тауарлары мен бұйымдарының технологиясы және қауіпсіздігі; дизайн және мода»
«Тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірістеріндегі технологиялық үдерістер мен құрал-жабдықтар. Технологиялық үдерістерді инфокоммуникациялық басқару»
«Тағам, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының экономикалық мәселелері, мейрамхана және қонақ үй бизнесі технологиясы»
«Білім берудегі инновациялық технологиялар»