Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?

Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың белгілі бір академиялық кезең ішінде
(семестр немесе оқу жылы) басқа жоғары оқу орнында (Қазақстанда немесе шетелде) білім алуы немесе ғылыми зерттеу жүргізуі және игерілген пәндерді өз университетінде кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есепке алуы.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

┌────────────┴────────────┐
│                                                        │

СЫРТҚЫ                                 ІШКІ
      (Халықаралық)                            (Ұлттық)

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Білім алушылардың шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуы, сондай-ақ оқытушылар мен зерттеушілердің шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдарда жұмыс істеуі.

Қаржыландыру көздері:
• ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің республикалық бюджеті есебінен
• Халықаралық бағдарламалар мен гранттар (Erasmus+, DAAD, JASSO және т.б.)
• Білім алушының жеке қаражаты есебінен

Сыртқы академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін білім алушыларды іріктеу тәртібі

Білім алушыларды академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға іріктеу
«Шетелде оқуға, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығы). «АТУ» АҚ-да конкурстық комиссия құрылған, оның төрағасы – Университет Ректоры. Комиссия құрамына университет өкілдерімен қатар қала және облыстың сайланбалы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді.

 Ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық

Студенттердің Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында білім алуы және оқытушылардың тағылымдамадан өтуі.

Кеңес қажет пе?


Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастырушылық сүйемелдеуді
Халықаралық ынтымақтастық департаменті жүзеге асырады, бас оқу ғимараты, 703 кабинет


Біз сізге бағдарламаны таңдауға және конкурсқа қажетті құжаттарды дайындауға көмектесеміз.

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Қатысу критерийлері:

  • Академиялық үлгерім бойынша GPA – 3,0 және одан жоғары;
  • Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың болуы (IELTS, TOEFL).

Конкурсқа қатыса алады:

  • бакалавриаттың 1 және 2 курс білім алушылары;
  • магистратураның 1 курс магистранттары.

Қатысуға өтінім беру үшін сілтеме: https://forms.gle/efYK4vqrkDTM3rjd8

 

Ішкі академиялық ұтқырлық

Қатысу критерийлері:

  • Академиялық үлгерім бойынша GPA 2,67 және одан жоғары;

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз