Data Science

Білім беру бағдарламаларының тобы
В057 - Ақпараттық технологиялар

Оқу мерзімі
4 жыл

Оқу құны
850 000 теңге

Бейіндік пәндер
Математика және Информатика

Білім беру бағдарламасының  мақсаты: Дербестендірілген медицина мен қаржылық аналитикадан бастап «ақылды» қалалық жүйелерге дейінгі күрделі қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдеу, бағдарламалау және машиналық оқыту саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру.

Білім беру траекториялары:

  1. «Machine Learning & AI Engineering» (Машиналық оқыту және ЖИ инженериясы)
  2. «Applied Data Science in Industry» (Өндірістегі қолданбалы деректер ғылымы)


Оқу орнында қандай
білім аламын?

  • Интеллектуалды жүйелерді жобалау және енгізу
  • Деректерге терең талдау жүргізу (Exploratory Data Analysis)
  • Деректер базасын жобалау және оңтайландыру
  • Болжамды модельдерді әзірлеу
  • Қолданбалы процестерді модельдеу
  • Бағдарламалық прототиптерді әзірлеу
  • Техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау
  • Нәтижелерді визуализациялау


Оқу бітірген соң кім
болып жұмыс істеймін?

  • Data Scientist (Деректер жөніндегі маман)
  • ML Engineer (Машиналық оқыту инженері)
  • Data Analyst (Деректер талдаушысы)
  • Data Engineer (Деректер инженері)
  • AI Researcher (Жасанды интеллект саласындағы зерттеуші)


Оқу бітірген соң мен қайда
жұмыс істеймін?

  • IT және Технологиялар: іздеу жүйелерін, әлеуметтік желілерді және бұлттық сервистерді әзірлеу , сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жасаушы компаниялар.
  • Финтех және Банк ісі: Скоринг (несиені қайтару ықтималдығын бағалау) және Антифрод (нақты уақыт режимінде алаяқтық транзакцияларды анықтау).
  • Медицина және Биотехнологиялар: суреттер (МРТ, рентген) арқылы ауруларды диагностикалауға арналған компьютерлік көру жүйелерін әзірлеу , геномды талдау және емдеудің жеке жоспарларын құру.
  • Өнеркәсіп және Энергетика: зауыттардың жұмысын оңтайландыру үшін «цифрлық егіздерді» құру және болжамды аналитика (жабдықтардың бұзылуын олар орын алғанға дейін болжау).
  • Ритейл және E-commerce: ұсынымдар жүйесін құру (Netflix, Amazon немесе Kaspi және т.б. сияқты) , логистика мен қойма қорларын оңтайландыру.
  • Мемлекеттік сектор және Ғылым: «Ақылды қала» (Smart City) жобалары: трафикті басқару, экологиялық мониторинг , зерттеу институттары мен университеттердегі ЖИ-дің іргелі тапсырмалары бойынша жұмыс.
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз