Парфюмерлік-косметикалық өнімдер технологиясы

Білім беру бағдарламаларының тобы
В072 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 

Оқу мерзімі
4 жыл

Оқу ақысы
850 000 теңге

Таідау пәндері
Биология және Химия

Сұлулық пен косметика саласындағы сұранысқа ие мамандықты таңда!

6В07208 – «Парфюмериялық және косметикалық өнімдер технологиясы» — биотехнология, химия, фармацевтика және сұлулық индустриясы тоғысқан сала. Бұл білім беру бағдарламасы қазіргі таңда әлемде де, Қазақстанда да ең сұранысқа ие бағыттардың бірі.

Университетте қандай білім аламын?

  • косметика және парфюмерия саласында қолданылатын химия, биохимия және биотехнология негіздерін;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімдердің құрамы, қасиеттері және әсер ету механизмдерін;
  • косметикалық және парфюмерлік өнімдерді әзірлеу және өндіру технологияларын;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістерін;
  • токсикология, санитарлық-гигиеналық талаптар және өнім қауіпсіздігі негіздерін;
  • стандарттау, сертификаттау және техникалық реттеу талаптарын;
  • косметикалық өнімдердің рецептурасын әзірлеу және тұрақтылығын бағалау қағидаларын;
  • сұлулық индустриясындағы инновациялық және экологиялық технологияларды;
  • өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқару негіздерін меңгереді.

 

Оқу бітірген соң кім болып жұыс істеймін?

  • парфюмерлік-косметикалық өнімдер технологы;
  • зертхана маманы;
  • сапа бақылау жөніндегі маман;
  • ғылыми қызметкер;
  • косметикалық өнімдерді әзірлеу және енгізу маманы.

Мен қай жерде жұмыс істеймін?

  • парфюмериялық-косметикалық өнімдерді өндіру (косметикалық фабрикалар, парфюмерия компаниялары);
  • ғылыми-зерттеу және өндірістік зертханаларда;
  • өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімдерінде;
  • сертификаттау, стандарттау және техникалық реттеу орталықтарында;
  • жаңа косметикалық құралдарды әзірлеу және енгізумен айналысатын компанияларда;
  • косметика өндірісімен байланысты фармацевтикалық және биотехнологиялық компанияларда;
  • сұлулық индустриясындағы дистрибьюторлық және сауда-өндірістік компанияларда.
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз