«Жетістік оқиғалары: бейресми білім беру бағдарламаларының түлектері»

Онгарбаева Лайла Алжановна, "Qoisynyn_Qyzy" өндірістік кәсіпорнының басшысы

Ет және ет өнімдерінің технологиясы» бейресми білімін аяқтау сіздің кәсіби дамуыңызға қалай әсер етті және осы бейресми білімнен кейін қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
Ет және ет өнімдерінің технологиясы» тақырыбы бойынша бейресми білім алдым, бұл білім менің біліктілігімді арттырып қана қоймай, тағам өндірісіне деген көзқарасымды өзгертті. Алған білімімді тәжірибеде қолданып, өзімнің кәсіби мүмкіндіктерімнің кеңейгенін сезіндім.
Бейресми білімнен соң тағам сапасын бағалау мен өңдеу технологиясын жақсы меңгердім. Қазір бұл білімді оқу процесінде белсенді пайдаланып жүрмін, өндірістік тәжірибемде қолдануға сенімдімін.

Оқу барысында қандай жаңа әдістер немесе заманауи технологиялармен таныстыңыз және оларды жұмысыңызда қалай қолданасыз?
Бейресми білім барысында ет өнімдерін өңдеудің заманауи әдістерімен және сапаны бақылаудың инновациялық технологияларымен таныстым. Әсіресе, вакуумдық қаптау, салқындату және сақтау мерзімін ұзарту технологиялары ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, зертханалық тәжірибелерде жаңа құрал-жабдықтарды қолдануды үйрендім. Бұл білім қазір өндірістік тәжірибеде өнім сапасын арттыруға және тұтынушыға қауіпсіз өнім ұсынуға мүмкіндік береді.

Сіздің ойыңызша, бұл бейресми білімнің басты артықшылығы неде?
Бейресми білім теория мен практиканы үйлестіріп өткізілді. Әсіресе, зертханалық сабақтар мен нақты мысалдар арқылы үйрену өте пайдалы болды. Бұл тек оқулықтағы білім емес, шынайы өндірістік жағдайға дайындық болды

Тақырып бойынша алған білім сіздің жеке даму жолыңызда қандай рөл атқарды?
Бұл білім мені жаңа қырынан ашуға көмектесті. Өз-өзіме сенімділігім артты, кәсіби мақсаттарым айқындала түсті. Ең бастысы – жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.