ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ЖӨНІНДЕГІ  НҰСҚАУЛЫҚ

«Алматы технологиялық университеті» АҚ

ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУ ЖӨНІНДЕГІ  НҰСҚАУЛЫҚ

 

1.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІШ БЕРУ:

https://dorm.atu.kz/?page=reg_zayavlenie  сайты арқылы  электрондық өтініш беріңіз.

- Жеке басты куәландыратын құжаттытіркеңіз

 

2.ӨТІНІШТІ ҚАРАУ

-  Комиссия шешімі өтініш берушінің dorm.atu.kz  жеке кабинетінде  немесе сайтта.

- Комиссия шешімін деканат өкілінен нақтылау  қажет. Жатақханаға орналасу үшін Төле би көшесі, 100, мекенжайы бойынша  1 қабатта орналасқан Студенттерге қызмет көрсету орталығына келу қажет.

 

3.МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ:

- Студент міндетті түре Бөгенбай батыр көшесі, 157 мекен-жайында орналасқан №1 жатақханадағы денсаулық пунктінде медициналық тексеруден өтуі тиіс.

 

4.КЕЛІСІМ- ШАРТ ЖАСАСУ:

 - Медициналық тексеруден өткеннен кейін,студенттікжатақханадатұру туралы келісім-шарт жасалады.

- білім алушы жатақханада тұру құнының 50%-ын "АТУ" АҚ студенттік жатақханасында тұру шартын жасасқан кезде төлейді, қалған 50%-ын қысқы емтихан сессиясы басталғанға дейін төлеуге міндетті.

 

5.ЖАТАҚХАНАДА ТҰРУ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУ:

- Төлем жасау:

ЦентрКредит Банкінің кез-келген бөлімшесінде

Банк бөлімшесі  -

Бөгенбай батыр көшесі, 156

 

 

 

 

 

 

 

Жеке куәлік, төлем туралы түбіртек пен анықтамаларды  dorm.atu.kz  жүктеу қажет

 

ЦентрКредит Банкі

мобильді қосымшасы

 

 

 

 

App Store немесе  Google Play-ден «Банк ЦентрКредит» қосымшасын  жүктеп алыңыз

 

Тіркеуден өтіңіз

 

Қосымша арқылы төлем жасау үшін виртуалды банк картасын ашу қажет

- «Төлемдер» бөліміне өтіңіз

- «Білім» бөлімін таңдаңыз

- Аймақты таңдаңыз «Алматы»

- ЖОО атауын таңдаңыз

«Алматы технологиялық университеті»

- Қызмет түрі  «Жатақхана үшін» 

- Аты-жөні,тегі мен ЖСН енгізіңіз

- Жатақхана үшін төлем жасап, төлем түбіртегін жүктеп алыңыз

bcc.kz қосымшасы арқылы төлеу

(QR-код)

QR коды бойынша төлем жасаңыз

Жатақхана үшін төлем жасап, төлем түбіртегін жүктеп алыңыз

Kaspi Bank

мобильді қосымшасы

 

Kaspi.kz

(QR-код)

- Студенттің аты-жөні,тегі

- Студенттің ЖСН нөмірі  

- Төлеушінің аты-жөні,тегі

- Төлеушінің ЖСН нөмірі  - Факультет  

- Төлем «Жатақхана» үшін

 

QR коды бойынша төлем жасаңыз

Жатақхана үшін төлем жасап, төлем түбіртегін жүктеп алыңыз

Жеке куәлік, төлем туралы түбіртек пен анықтамаларды  dorm.atu.kz 

жүктеу қажет

 

 

6.ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОРДЕР АЛУ:

- Келісім-шарт жасасып және төлем жасағаннан кейін сіз жатақханаға орналасу үшін электрондық ордер аласыз.

7. ОРНАЛАСУ:

- Жатақхана меңгерушісіне хабарласыңыз. Өзімен бірге болуы тиіс құжаттар тізбесі:

  • Жеке куәлік (көшірме-2 дана).
  • Ордер (түпнұсқа).
  • Медициналық тексеруден өткені туралы анықтама (түпнұсқа).
  • Жатақханада тұрғаны үшін төлем туралы түбіртек (түпнұсқа).

- Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтан өтіңіз.

- Бөлменің кілтін  және орынды алыңыз.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ЖАТАҚХАНАҒА БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ОРНАЛАСУ ҚҰҚЫҒЫ БАР:

  • Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  •  Мүгедектігі бар балалар (оның ішінде бала кезінен) және даму мүмкіндіктері шектеулі балалар.
  • Ата-аналары мүгедек және немесе зейнеткерлер болған көп балалы отбасылардан шыққан балалар.
  • 1 курсқа қабылданған білім алушылар.
  • Шетел азаматтары қатарынан білім алушылар (халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес) және қандастар.
  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушылар.
  • Көп балалы отбасылардан шыққан балалар (кәмелетке толмағандар саны ең көп отбасылар басым құқыққа ие).
  • ҚР ҒжЖБМ бекіткен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.

Құжаттар тізбесі:

  • Қандастың мәртебесі туралы куәлік.
  • Жеке куәлік.
  • Екі немесе жалғыз басты ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе балалар үйінен анықтама.
  • Отбасында 4 және одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасылар үшін).
  • Мүгедектігін растау туралы анықтама.

 

8.ЖАТАҚХАНА МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ:

№1: Бөгенбай батыр көшесі, 157 

№2: Многоводная  көшесі, 4а 

№3: Торайғыров көшесі, 53 

№4: Әйтиев көшесі, 96 

№5: Торайғыров көшесі, 45а

 

«АТУ» АҚ  студенттік жатақханаларында бос орындардың болуы туралы ақпарат  https://dorm.atu.kz.  сайтында  орналастырылады