«Zero Waste» стартап жобасы — «START-UP ATU-2026» байқауының жеңімпаздарының бірі

«Zero Waste» стартап жобасы — «START-UP ATU-2026» байқауының жеңімпаздарының бірі, «BAL HALAL» компаниясының директоры, меценат Тәжібаева Римма Данабаевнадан 500 000 теңге көлеміндегі сертификат иегері.

Жоба авторы - 6В07205 Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы, білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Таңжар Арай. Ғылыми жетекшісі - т.ғ.к., ассистент профессор, «Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасының оқытушысы Абишова Айгүл Сланбековна.

Жобаның мақсаты - ресурстарды ұтымды пайдалану және текстиль қалдықтарын азайту. «Zero Waste» - бұл әдетте жойылатын өндірістік қалдықтар мен жіптерден аксессуарлар жасаудың инновациялық тәсілі. Қайта өңделген шикізат стильді әрі экологиялық таза бұйымдар түрінде «екінші өмірге» ие болады.

Жобаның миссиясы - саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру, мұнда қалдықтар ресурсқа және шабыт көзіне айналады.

Римма Данабаевнаға университетіміздегі стартап қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз. «Zero Waste» жобасының авторларына стартапты дамытуда табыс, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!