«АТУ жастары» командасы – қалалық байқаудың жүлдегері!

Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Almaty Students Week» апталығы аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы бойынша өткен «Ең үздік студенттік топ – 2026» қалалық байқауында Алматы технологиялық университетінің «АТУ жастары» командасы жүлделі III орынға ие болды.

Байқау Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Алматы студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өтті.

Байқау қорытындысы бойынша команда III орынмен қатар 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.

Бұл жетістік – студенттердің белсенділігінің, ұйымшылдығының және университеттің қоғамдық өміріне қосқан үлесінің нәтижесі.

«АТУ жастары» командасын лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!