АТУ-дың болашақ инженерлері «Global Export Shipping» кәсіпорнында тағам өндірісінің технологияларымен және автоматтандыру жүйелерімен танысты
АТУ Зияткерлік және инженерлік жүйелер факультетінің студенттері үшін «EDGAR FOOD» брендімен дәмді әрі пайдалы тағам өнімдерін шығаратын «Global Export Shipping» ЖШС өндірістік кәсіпорнында практикалық сабақ өтті.
Сабаққа 6В07103 «Автоматтандыру және басқару», 6В07105 «Технологиялық машиналар және жабдықтар», 6В07106 «Тоңазытқыш машиналар және ауаны баптау жүйелері», 6В07108 «Өнеркәсіптік робототехника» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Практикалық сабақ барысында студенттер кәсіпорынның өндірістік процестерінің ерекшеліктерімен, технологиялық жабдықтарымен, автоматтандыру жүйелерімен және бизнес-процестерді ұйымдастыру тәсілдерімен танысты.
Болашақ инженерлерді даярлаудағы практикаға бағытталған оқыту теориялық білімді нақты өндіріс жағдайында қолдануға, кәсіби ой-өрісті кеңейтуге және қазіргі нарық талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
