ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАР МЕН ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ HR-ФОРУМЫ ӨТТІ

Алматы қаласында қызметкерлерді басқару саласындағы кәсіби мамандардың форумы өтті. Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлік өкілдері, еліміздегі ғылыми институттар мен университеттердің HR бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Форум барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Даму және персоналды басқару департаментінің директоры Айнұр Мырзабекова, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов, Тәртіптік өндіріс және ведомстволық бағынышты ұйымдармен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Роза Акулова сөз сөйлеп, заманауи білім беруде HR саласының алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Іс-шара аясында қатысушылар заманауи университет стратегиясын өзгертудің әртүрлі аспектілерін және осы үдерісте университеттің іскер серіктесі ретінде HR-бөлімінің жаңа рөлін талқылады.