«Ғылым.Білім.Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Алматы технологиялық университетінде жыл сайынғы «ҒЫЛЫМ.БІЛІМ.ЖАСТАР» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияны ғылым және инновациялар жөніндегі проректор инновациям Алиев Баходир Азимджонович ашты.
Конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі:
Узаков Ясин Маликович -т.ғ.д., академик, "Тағам өнімдерінің технологиясы" кафедрасының профессоры. Баяндаманың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы мен ет өңдеу өнеркәсібінің қазіргі кезеңдегі жағдайы туралы".
Соколов Дмитрий Юрьевич – PhD, Ассоц. профессор. "Өндірістік процестердің машиналары мен аппараттары" кафедрасының профессоры. Баяндаманың тақырыбы: "Ғылым мен техникадағы криогендік технологиялар".
Орманова Мөлдір Абдимажитовна - "Тоқыма өндірісі технологиясы" кафедрасының оқытушысы. Тақырыбы:"Ұлттық ой-өрнек элементтерін қолдан жасау арқалы жасөспірімге арналған трикотаж бұйымдарын әзірлеу".
Пленарлық отырыста Орал мемлекеттік экономикалық университетінің ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Стратегиялық жоспарлау және қаржылық талдау институтының директоры Максим Сергеевич Марамыгин сөз сөйледі.
Конференцияда келесі өзекті мәселелер талқыланды: тағам және жеңіл өнеркәсіптің заманауи технологиялары; тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі химиялық, биологиялық және биотехнологиялық аспектілер, бақылаудың заманауи әдістері; тағам өнімдерін өндіруді ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету; тағам және жеңіл өнеркәсіп салалары үшін кадрлар даярлаудағы білім беру инновациялары; тағам, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының менеджмент әдістерін жетілдіру, қонақжайлылық, туризм индустриясы.