ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ТМД елдері арасында "Халықаралық кітап басылымы", "Үздік ғылыми жұмыс-2024" жобасына Тағам технологиялары факультетінің, "Тағам өнімдерінің сапасы және қауіпсіздігі" кафедрасының 1-курс магистранттары, "Тағам қауіпсіздігі" бағыты бойынша білім алушылар, Азаматқызы Аружан, Қырықбай Қарлығаш және Ерланқызы Нұрай қатысты. Іс-шараны "Бөбек" Жалпыұлттық ғылыми-білім беру бірлестігі ұйымдастырды.
Жоба қорытындысы бойынша біздің магистранттар 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жобалардың ғылыми жетекшісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Жельдыбаева Айнур Амангельдиновна.Талантты магистранттарымыз бен ғылыми жетекшісіне алдағы зерттеулерінде сәттілік тілейміз!