Тағам технологиялары факультеті студенттерінің біліктілік емтиханы

АТУ-дың Тағам технологиялары факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының түлектері — Қазақстанда ғана емес, әлемге танымал көптеген жұлдызды шеф-аспаздар!

Студент кезінен бастап-ақ біздің жас мамандар біліктілік емтиханында өз шеберліктерін дәлелдей отырып, «Аспаз» және «Кондитер» біліктіліктерін алу мүмкіндігіне ие. Бұл олардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашып, мансаптық дамуына серпін береді.

Биыл студенттеріміздің кәсіби даярлығын Қазақстандағы ТОП-10 үздік шеф-аспаздар қатарына кіретін және World Top Chefs ТОП-10 тізіміне енген, «Harat’s» және «Bistro» мейрамханаларының шеф-аспазы Артем Евдокимов бағалады. Ол студенттеріміздің жоғары кәсіби деңгейін және креативті көзқарасын ерекше атап өтті.

Студенттерімізді біліктілік алумен құттықтаймыз! Оқуларын сәтті аяқтап, кәсіби қызметте табысты болуларына тілектеспіз!

6В07201 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
6В07209 Қоғамдық және арнайы тамақтану өнімдерінің технологиясы
АТУ коды: 053
АТУ-ға түс! Үздік білімді таңда!