Smart Food Industries: тамақ өнеркәсібіне арналған цифрлық шешімдер бойынша студенттік хакатон
2026 жылғы 12 қарашада «Алматы технологиялық университеті» АҚ базасында білім алушылардың цифрлық құзыреттерін, инновациялық ойлауын және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған «Smart Food Industries» студенттік хакатоны өтеді.
Қатысушылар тамақ өнеркәсібіне және тағам қалдықтарын тиімді басқаруға арналған инновациялық цифрлық шешімдерді екі бағыт бойынша әзірлейді:
- Digital Food Waste Management System for University Campuses — университет кампустарында тағам қалдықтарын басқарудың цифрлық жүйелерін әзірлеу.
- Smart Automation & Robotics for Food Waste Management — тағам қалдықтарын басқаруға арналған автоматтандыру және робототехника технологияларын қолданатын зияткерлік шешімдерді әзірлеу.
Хакатон шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға, командалық жұмысқа және тұрақты даму мақсатында заманауи IT-шешімдерді енгізуге арналған алаңға айналады.
Әр бағыттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады:
- I орын — 150 000 теңге;
- II орын — 100 000 теңге;
- III орын — 50 000 теңге.
АТУ білім алушыларын хакатонға қатысып, тамақ өнеркәсібіне арналған цифрлық және экологиялық тұрақты шешімдерді дамытуға өз үлестерін қосуға шақырамыз!
Хакатон Сайт - https://atu-fit.github.io/SmartFoodIndustries/
Форма регистрации https://forms.gle/gDgKDPFRtabXVDjP6
Трек https://docs.google.com/document/d/1VLsZtUvqlDI6Q2kYSggDvbmkH8JWcUy7/edit
