Әскери кафедраға қабылдау

Құрметті студенттер! Сіздерді офицер және запастағы сержант бағдарламалары бойынша 2024 жылдың 21-31 қазан аралығында «Халықаралық Білім Корпорациясы» ЖШС әскери кафедрасына, 2024 жылдың 14-19 қазан аралығында «Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ әскери кафедрасына, 2024 жылдың 07 қазаннан 04 қараша аралығында  ҚР ҚМ «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты» әскери кафедрасына, 2024 жылдың 14-19 қазан аралығында «Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» әскери кафедрасына ақылы бөлімге қосымша қабылдау жүргізетіндігінен хабардар етеміз.

Тапсырам деушілерге 2024 жылдың 11 қазанына дейін әскери кафедраға келіп тіркеліп, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органында медициналық тексеруден өтуге жолдама алуы қажет. 
14 қазан мен 24 қазан аралығында қосымша кесте бойынша кәсіби психологиялық тестілеу және дене дайындығы нормативтерін тапсыру ұйымдастырылады.

Қосымша қабылдау туралы барлық қажетті ақпарат Instagram - vk_mok, vk_kaznu парақшасында,  ссылка  https://satbayev.university/ru/news, тел:+7 7073843960.