Шығармашылық ойлау көкжиегін кеңейту: АТУ студенттері италиялық сарапшы Джованни Оттонеллоның дәрісіне қатысты
Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері үшін әлемге әйгілі сән және дизайн саласының сарапшысы, итальяндық сәулетші, беделді Istituto Europeo di Design (IED) оқу орнының Арт-директоры және бренд-амбассадоры, Accademia Aldo Galli di Como директоры Giovanni Ottonello «RANDOMNESS DOESN’T EXIST! Broaden Your Perspective: Think Beyond Disciplines, Design with Purpose» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріс дизайндағы пәнаралық көзқарасқа арналды және өнер, сән, фотосурет, графикалық және коммуникациялық дизайн, интерьер дизайны, өнім және цифрлық дизайн, жарнама және визуалды мәдениет арасындағы байланыстарды зерттеді.
Giovanni Ottonello - сән және дизайн саласындағы көрнекті сарапшылардың бірі, Генуя қаласында сәулетші дипломын алып, еңбек жолын музейлік экспозициялар мен сценография саласында бастаған.
Оның кәсіби өмірбаянында Генуя епархиялық музейіндегі көрме жобасын ұйымдастыруға және іске қосуға қатысу, Палаццо Спинола ұлттық галереясымен және Палаццо Дукалемен ынтымақтастық, көрнекті сценограф әрі режиссер Пьерлуиджи Пиццимен, сондай-ақ Миландағы Piccolo Teatro театрымен жұмыс. Ол Salvatore Ferragamo, Bottega Veneta, Hugo Boss, Mandarina Duck, Rubelli, Conbipel, Carrefour, Artsana, Lancia, Ethos сияқты халықаралық компанияларға консультант ретінде қызмет атқарып, сән индустриясының шеңберінен әлдеқайда кең ауқымды қамтитын заманауи дизайн мен өзекті мәдени контекстерге байланысты жобалар, визуалды мерчандайзинг және тұжырымдамалар бойынша жұмыс істеді.



