«Шарап тарихынан аз-кем»

Тағам технологиялары факультетінің студенттеріне университетіміздің түлегі, АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, «Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағының» басшысы — Сабралиева Марина Дүйсенғалиевнаның «Шарап тарихынан аз-кем» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Біздің университет шарап өндірісі саласы үшін кәсіби мамандар даярлауда көшбасшы болып табылады. Университетте студенттер өндіріс үдерісін тәжірибе жүзінде меңгеретін ашыту өнімдерін өндіру бойынша бірегей оқу-ғылыми орталық жұмыс істейді.
Марина Дүйсенғалиевна – Қазақстандағы шарап өндірісінің бастауында тұрған кәсіби мамандардың бірі, салада мол тәжірибе мен терең білімге ие. Дәріс барысында студенттер шараптың тарихы, еліміздегі шарап жасау саласының дамуы, өндірістің негізгі ерекшеліктері және өндірушілер туралы тың мәліметтер алды.