ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық шеңберінде «шетелдегі семестр» бағдарламасы бойынша конкурс жариялаймыз

«Алматы технологиялық университеті» АҚ «2026 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша орындар санын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрінің 2026 жылғы 25 ақпанындағы №92 бұйрығына сәйкес, академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде конкурсқа қатысуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, бірінші кезекте мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, екінші кезекте келісім-шарт бойынша оқитын студенттерді (бакалавр және магистрант) 2026 - 2027 оқу жылының бірінші семестрінде Еуропа елдерінің серіктес университеттер базасында білім алу үшін 10 (он) орынға үміткерлерді таңдау бойынша  байқау жариялайды. 

 

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

  1. Академиялық үлгерімі бойынша деңгейі 3,0 және одан жоғары;
  2. Шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификаттың болуы.

Конкурсқа қатыса алады:

  • 1 және 2 курс студенттері (бакалавриат);
  • 1 курс магистранттары.

Өтінімдер 2026 жылғы 31 наурызға кешіктірілмей төмендегі ссылка арқылы қабылданады: https://forms.gle/efYK4vqrkDTM3rjd8.

Бағдарлама жабатын шығындардың түрлері:

  • екі жаққа ұшу;
  • тұру (жатақхана);
  • медициналық сақтандыру;
  • визалық қолдау.

 

«АТУ» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаменті,

негізгі оқу корпусы, 7 этаж,  703 каб.

mobilnostatu@gmail.com

+77272927716, ішкі. 197

+77071468892