Президент Жолдауын қолдау
Бүгін Алматы Технологиялық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Университеттің бірінші проректоры Б.Қ.Нұрахметов шараның шымылдығын ашты. Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға, әділ мемлекет құруға, заңның үстемдігін белгілеуге қатысты Мемлекет басшысы Жолдауының маңызды ережелеріне қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, спикер Президент ерекше назар аударатын білім беру мәселелеріне тоқталды.
Мектеп түлектері санының өсуіне және білім беру қызметтеріне сұраныстың артуына байланысты жоғары оқу орындарының алдында қазіргі заманғы талаптарға сай болу және білім беру сапасын одан әрі арттыру міндеті тұрғандығын атап өтті.
Мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелеріне және өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30 – дан 100% - ға дейін сараланатын болады. Жыл сайын студенттердің, магистранттардың және докторанттардың шәкіртақысы артып келеді. Ағымдағы жылы студенттер 36 000 теңге стипендия алады, ал 2025 жылға қарай ол 52 000 теңгені құрайды. Студенттер жатақханамен қамтамасыз етілуі тиісті. Мемлекет, жоғары оқу орындары мен құрылыс компаниялары белсенді ынтымақтастықта жұмыс атқаруы керектгіне ерекше тоқталды. Студенттердің жекелеген әлеуметтік осал санаттары үшін жатақханада тұру шығындарын субсидиялау мүмкіндігін пысықтау қажет.
Талқылауда АТУ оқытушылары мен қызметкерлері, оның ішінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Д. М. Бисалиева, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі З. М. Кодар өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараға қатысушылар бір ауыздан Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан бастамаларын қолдайтынын айтты.