Қоңырбеков Медет Жауғаштиевич профессор-оқытушылар құрамы үшін "Ғалымның танылуын арттыру үшін ғылыми базаларда тіркеу әдістемесі" тақырыбында семинар өткізді

АТУ Ғылыми кітапханасының электрондық ресурстар орталығында Экономика және бизнес факультетінің, "Экономика және Менеджмент" кафедрасының қауымдастырылған профессор-зерттеушісі Қоңырбеков Медет Жауғаштиевич профессор-оқытушылар құрамы үшін "Ғалымның танылуын арттыру үшін ғылыми базаларда тіркеу әдістемесі" тақырыбында семинар өткізді.
 
Семинар аясында тыңдаушыларға әлемдік ғылыми базалармен - ResearchGate, ORCID id, Lens, Scopus және Web of Science-пен танысуға және зерттеудің өзекті бағыттарының әлеуетін ашуға мүмкіндік берілді.
 
Семинарда оқытушылар білді:
✅Әріптестерді табу және ғылыми идеялармен бөлісу үшін ResearchGate-ті қалай пайдалануға болады
✅ Неліктен ORCID iD идентификаторы қажет және оның ғылыми жарияланымдар мен мансапты қалай жеңілдететіндігі жайында
✅ Lens ғылыми ақпаратты визуализациялауға және талдауға қалай көмектеседі
✅ Неліктен Scopus және Web of Science ғылыми трендтерді бақылаудың негізгі көздері болып табылатындығы