Өндірістік және сервистік бағыттар бойынша оқу-әдістемелік кеңестің отырысы: АТУ-да білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды талқылау

"Алматы технологиялық университеті" АҚ базасында  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша "Өндірістік және өңдеу салалары " («Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдары», «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі және "Қызмет көрсету саласы"( Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі) Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы

2024 жылы 8 қарашада «Алматы технологиялық университеті» АҚ базасындағы  «Өндірістік және өңдеу салалары»   және «Қызмет көрсету саласы»  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша  Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі  отырысы өтті.

Іс-шара білім беру саласындағы жетекші мамандар мен сарапшыларды, ЖЖОКБҰ өкілдерін, білім беру бағдарламаларын әзірлеуші мамандарды топтастырды. Бірлестік отырысында білім беру үдерістерін жетілдірудің, еңбек нарығы мен технологиялардың жаңа талаптарын ескере отырып, оқу бағдарламаларын жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды.

Бірлестік жұмысы аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды. Сарапшылар білім беру сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру процесіне жаңа технологиялар мен әдістерді енгізуге қатысты негізгі мәселелерді талқылады.

РОӘК ОӘБ модераторы ретінде академиялық сұрақтар жөніндегі проректор Байболова Л.К. болды, РОӘК ОӘБ спикерлері ретінде Astana IT University бірінші проректоры Өмірбаев С.М., «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Таева А.М. болды.

Суреттерге сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/KUbOeoU3x2faBQ