Әлемдік серіктестік: University of Reading профессоры Эммануэль Эссаның АТУ-ға сапары

АТУ-да интернационалдандыру стратегиясын жүзеге асыру аясында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Ұлыбританиядағы University of Reading университетінің SBE School басшысы, профессор Эммануэль Эсса (Emmanuel Essah) ресми сапармен келді.
University of Reading QS World University Rankings рейтингі бойынша әлемнің ТОП-200 үздік университеттерінің қатарына кіреді және тұрақты даму мен «жасыл» технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.
Сапар аясында:
• Институционалдық кездесулер өтті: университет Басшылығымен ресми келіссөздер ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі жоғары оқу орнының білім беру жүйелерін интеграциялау бойынша стратегиялық қадамдарды белгіледі.
• Academic Writing бойынша шеберлік сабақтары: профессор Эсса PhD докторанттары, магистранттар және АТУ профессор-оқытушылар құрамына арналған «Рейтингтік журналдарға мақаланы қалай дайындау керек» тақырыбында workshop-семинарлар өткізіп, Scopus және Web of Science журналдарына жарияланым әзірлеу әдістемесімен бөлісті.
• Білім беру бағдарламаларын жаңғырту: Инженерлік және интеллектуалды жүйелер факультетінде факультет деканы А.А. Орманбекованың қатысуымен автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер мен IT салаларындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту, сондай-ақ жасыл технологияларды енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
• Тағам бағыты және АТУ зертханаларының ғылыми-зерттеу әлеуеті мәселелері «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор А.М. Таевамен өткен кездесуде талқыланды.
• Халықаралық форсайт-сессия: профессор Эсса цифрландыру жағдайында түлектер құзыреттерін трансформациялауға арналған, АТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, профессор Т.К. Құлажановтың төрағалығымен өткен ОӘБ РОӘК республикалық форсайт-сессиясында негізгі шетелдік сарапшы ретінде сөз сөйледі.
Сапар қорытындысы бойынша АТУ мен University of Reading арасында бірлескен қос дипломды бағдарламаларды (Double Degree Programs) құру жөніндегі Ниеттер туралы хатқа (Letter of Intent) қол қойылды. Қос дипломды бағдарламалар АТУ студенттеріне британдық білім беру стандарттары бойынша білім алып, оқу соңында екі бірдей толыққанды диплом иеленуге мүмкіндік береді.
Профессор Эммануэль Эссаның сапары АТУ-дың халықаралық серіктестігін жаңа сапалы деңгейге көтеріп, университеттің Орталық Азиядағы жасыл цифрлық технологиялар мен технологиялық жаңғырту саласындағы жетекші орталық ретіндегі позициясын нығайтты.