«Кәсіби шеберлікке алғашқы қадамдар» шеберлік сабағы: АТУ студенттері Наурызнама аясында мейрамхана интерьерінің дизайнын меңгерді
Наурызнама мерекелік онкүндігі аясында Экономика және бизнес факультетінің «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге «Кәсіби шеберлікке алғашқы қадамдар: Наурыз мерекелік іс-шарасы аясында мейрамхана интерьері мен дизайн тұжырымдамасы» тақырыбында мерекелік мастер-класс өтті.
ATU Inn оқу-мейрамхана-қонақүй кешенінде студенттер мейрамхана интерьерін жасау және дизайн тұжырымдамаларын әзірлеуді, сондай-ақ сауда кеңістігінің интерьерін ұйымдастыру ерекшеліктерін жаңа үлгідегі мейрамхана дизайны негізінде тәжірибе жүзінде меңгерді.
Осындай бірегей практикалық сабақтардың арқасында АТУ студенттері өз дағдыларын жетілдіріп, болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал ететін құнды кәсіби тәжірибе жинақтайды.
Мастер-класс жетекшісі – «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының сеньор-лекторы Сарсебаева А.М.


