Халықтық Конституцияның құндылықтарын түсіндіру және ілгерілету  тақырыбында мазмұнды кездесу өтті

Алматы технологиялық университетінде  Жаңа Конституция құндылықтарын түсіндіруге арналған зияткерлік-ағартушылық дәріс Университетте 2026 жылғы 16 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелерін талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Жастар ісі департаменті мен Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасын ұйымдастырды.
     

Жаңа Ата Заң ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат ретінде бағаланды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңның мазмұны мен маңызын терең түсіндіру, сондай-ақ студенттердің ел болашағына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараның басты спикері ИБРАЕВА АЛУА САЛАМАТҚЫЗЫ заң ғылымдарының докторы, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының зерттеуші профессоры.

Өз сөзінде ол жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың, олардың азаматтық белсенділігін дамыту мен конституциялық құндылықтарға құрмет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғам өміріндегі рөліне, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңыздылығынаvерекшеbтоқталды.

Талқылау барысында жаңа Конституцияда әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне басымдық берілгені атап өтілді.