HTMi Switzerland халықаралық тағылымдамасының аяқталуы

АТУ жанындағы Қазақстан-Швейцария туризм институтының студенттері Еуропадағы қонақүй және туризм менеджменті саласындағы жетекші оқу орындарының бірі — HTMi Switzerland институтында халықаралық білім беру тағылымдамасын сәтті аяқтады.
Тағылымдама барысында студенттер қонақжайлылық индустриясының заманауи үрдістерін меңгеріп, көшбасшылық, туристік дестинациялар маркетингі, іс-шараларды ұйымдастыру, мейрамхана сервисі және жеке брендті дамыту бағыттары бойынша дәрістерге қатысты. Бағдарламаның ерекше құндылығын кәсіби асүйдегі тәжірибелік сабақтар, аспаздық өнер және шарап мәдениеті бойынша шеберлік сабақтары арттырды.
Тағылымдаманың маңызды бөлігі ретінде студенттер Mandarin Oriental Luzern қонақүйінде болып, әйгілі Gruyère ірімшік өндірісі мен танымал Maison Cailler шоколад фабрикасына экскурсия жасады. Сонымен қатар олар Люцерн қаласының туристік көрікті жерлерімен танысып, әлемге әйгілі «Арыстан ескерткішін» (Lion Monument) тамашалады.
Алынған білім, тәжірибелік дағдылар және халықаралық тәжірибе студенттерімізге қонақүй бизнесінің заманауи стандарттарына жаңа көзқараспен қарауға және кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама HTMi Switzerland тағылымдамасынан сәтті өткенін растайтын сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімімен қорытындыланды.
Бағдарлама қатысушыларын осы маңызды жетістіктерімен құттықтап, кәсіби дамуы мен халықаралық мансабында толағай табыстар тілейміз!