«Эндаумент АТУ» КНКҚ дамуының жаңа кезеңі
АТУ-да қордың қызметіндегі стратегиялық өзгерістерге арналған "Эндаумент АТУ" корпоративтік нысаналы капитал қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.Новый этап развития КФЦК «Эндаумент АТУ».
Кеңес құрамына жаңа мүшелер - іскерлік, кәсіби және спорттық қоғамдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Алматы технологиялық университетінің түлектері кірді: Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы , Қазақстанның Эндаумент-қорлары Ұлттық қауымдастығының төрағасы; Ибраимов Ермахан Сағиұлы, бокстан Олимпиада чемпионы; Өсербаев Ұлан Мұратұлы, «„Алматы“ ӘКК» АҚ жобалармен жұмыс департаментінің директоры".
Отырыстың негізгі тақырыбы қордың Қазақстан Республикасының нысаналы капитал туралы заңнамасына сәйкес қызметтің жаңа үлгісіне көшуі болды. АТУ-ды қолдаудың бес стратегиялық бағытына ерекше назар аударылды: білім, ғылым және инновациялар, әлеуметтік және жастар бастамалары, инфрақұрылымдық даму, университеттің стратегиялық дамуы. Жаңа үлгі бір реттік қайырымдылық көмектен университетті ұзақ мерзімді қолдауға арналған тұрақты нысаналы капиталды қалыптастыруға көшуді көздейді.
Бизнес өкілдерінің, түлектер мен серіктестердің күш-жігерін біріктіре отырып, біз АТУ-дың болашағына және мамандардың жаңа буынына инвестиция саламыз.






