ДТжКТФ студенттері үшін қос дипломды білім берудің жаңа бірегей бағдарламасы қолжетімді!
Құрметті достар!
Сіздермен керемет жаңалықтармен бөлісуге қуаныштымыз – Дизайн, текстиль және киім технологиялары (факультетінің студенттері үшін әлемнің жетекші университеттерінің бірі және «SHANGHAI JIAN QIAO UNIVERSITY» (SJU) бірлесіп қос дипломды білім берудің жаңа бірегей бағдарламасы қолжетімді!!!
«SHANGHAI JIAN QIAO UNIVERSITY» (SJU) - 2000 жылы құрылған және әртүрлі мақсаттағы 14 колледжден тұратын Қытайдағы ең танымал жеке университеттердің бірі. «Халықаралық дизайн интермарк колледжі» SJU құрамына кіреді және дизайн саласындағы үздік мамандарды даярлау бойынша жетекші жоғары оқу орны болып табылады.
АТУ қос дипломдық бағдарлама бойынша оқитын студенттер бірден 2 беделді диплом алады: АТУ және SJU. Бағыттардың бірін таңдай алады:
- «Brand Communication and Marketing Design»
- «Fashion Brand Management and Product Design»
- «Game and Animation Design»
Үздік білім алу және арманыңыздағы мансапты құру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!!!
6В02101 Дизайн
АТУ коды 053
АТУ қабылдау комиссиясы 08:30-дан 18:00-ге дейін демалыс күндерінсіз күтеді: Алматы қ., Төле би к-сі, 100, бас оқу корпусы, 108 кабинет!!!
«SHANGHAI JIAN QIAO UNIVERSITY» (SJU) қос білім беру бағдарламасы бойынша барлық сұрақтарыңыз бойынша ДТжКТФ Деканы, Сарттарова Ляззат Тургунбекова: +7 702 215 1732