Бүгін АТУ-да кезекті бағдар беру күні өтті
Бүгін АТУ-да кезекті бағдар беру күні өтті. Бірінші курс студенттерімен Дизайн, технология, тоқыма және киім шығармашыл факультетінің және Инжиниринг және ақпараттық технологиялар инновациялық факультетінің деканаттары кездесті. Оқу басталар алдында біздің университетте өткізілетін бұл іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерді университет жүйесімен таныстыру.
Оқу процесінің ерекшеліктері, АТУ-ға оқыту және зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін берілетін мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылды. Алдағы бірнеше жылда оларды күтетін университет өмірі туралы көптеген пайдалы мағлұматтар берілді.
Құрметті бірінші курс студенттері, АТУ командасына қош келдіңіздер!
Біздің университетімізде өткізетін уақыттарыңыз мәнді де сәнді болсын, ең бастысы, таңдаған салаларыңызда жоғары сұранысқа ие маман болу бұйырсын.