Бүгін АТУ-да инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің түлектеріне дипломдар табыс етілді

Биыл факультет 231 жас маман даярлап, оның 31-і үздік диплом алды.

Біздің түлектер - болашақта бағдарламашылар, әзірлеушілер, желілер мен базалардың әкімшілері, модераторлар, робототехника, ақпараттық қауіпсіздік мамандары, web-дизайнерлер және тіпті 3D-аниматор болып та жұмыс істейді. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялардың жаңа қызмет салаларына енуімен IT-мамандар үшін IT-генетик сияқты жаңа мамандықтар пайда болады деген болжам да бар.

Барлық осы мамандықтар біздің жоғары технологиялар заманында кең сұранысқа ие.

АТУ-дың арқасында және біздің халықаралық серіктес Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетімен қос дипломын алу мүмкіндігіне ие болды.

Құрметті түлектер! Сіздерге алдағы өмірлеріңізде жаңа инновациялық жаңалықтар, болашақ қызметтеріңізде шығармашылық табыс және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!