Бүгін АТУ-да «Ашық есік күні» өтті
Бүгін АТУ-да «Ашық есік күні» өтті. Мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына университет атмосферасына ену және оларды қызықтыратын барлық ақпаратты алу мүмкіндігі ұсынылды.
Университеттің бірінші проректоры Б.Қ. Нурахметов жиналғандарға АТУ-да оқу перспективалары туралы айтып берді, Ол атап өткендей, бүгінде АТУ Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы QS EECA халықаралық рейтингісінде топ-200 университеттің қатарына кіреді. Біз еліміздің үздік бес жоғары оқу орнындамыз. Бізде сұранысқа ие мамандарды даярлауға арналған қуатты оқу және практикалық база, дамыған инфрақұрылым және қызықты студенттік өмір бар.
Сондай-ақ, қонақтар алдында Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Бисалиева Д.М. және қабылдау комиссиясының өкілі Сулейменов Д.М. сөз сөйледі.
Университет студенттері қонақтарға керемет концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін ашық есік күніне қатысушылар университет бойынша экскурсия жасады, кітапханада, оқу зертханаларында, ATUinn-де, қабылдау комиссиясында болды.
Ашық есік күні еркін және достық атмосферада өтті. Талапкерлер болашақ мамандық пен ЖОО таңдауда не маңызды екенін өздері естіп, көре алды.