Бейсембаева Әлем Халитқызының диссертациясын қорғау туралы хабарландыру

«Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғалады.

Бейсембаева Алем Халитовна 6D073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша
«Шикізаттың функционалдық-технологиялық қасиеттерін трансформациялаудың биотехнологиялық тәсілдерін пайдалана отырып, ет өнімін алу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми негіздері»
тақырыбындағы диссертациясын қорғайды.

Ғылыми кеңесшілері:

Таева Айгуль Маратовна – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Қалибекқызы Жанар – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан Республикасы;
Чернуха Ирина Михайловна – техника ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі, В.М. Горбатов атындағы тағам жүйелерінің федералдық ғылыми орталығы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Қорғау 2026 жылғы 11 маусымда сағат 13:30-да Алматы қ., Төле би көшесі, 100, конференц-зал, 212 кабинет мекенжайында өтеді.