Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі: «Коктал-Агро» компаниясы сарапшысының қонақ дәрісі

Тағам технологиялары факультетінің студенттері үшін «Коктал-Агро» компаниясының сапа менеджері Бейсембаева Гульжан Турсынкуловнаның «Өсімдік шикізатынан алынатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Гульжан Турсынкуловна өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, «Коктал-Агро» компаниясындағы өндірістік үдерістің ерекшеліктері, өсімдік шикізатынан алынатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі инновациялық тәсілдер мен бұл бағыттың соңғы тұтынушылар үшін маңыздылығы туралы баяндады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жағдайлардағы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының даму мәселелеріне тоқталды.

Іс-шара АТУ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сабралиева Марина Дүйсенғалиқызының ұйымдастыруымен өтті.