АТУ Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті кеңейтуде.
АТУ Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестікті кеңейтуде.
Университетімізге Әзербайжанның екі жетекші жоғары оқу орнының делегациялары ресми сапармен келді:
Сумгаит мемлекеттік университетінің делегациясы құрамында: ректор, профессор Аминага Садыгов, жалпы мәселелер жөніндегі проректор Эмиль Гасимов және халықаралық ынтымақтастық пен стратегиялық жобалар бөлімінің басшысы Айсель Эминова.
Әзербайжан технологиялық университетінің делегациясы құрамында: ректор Яшар Омаров және стратегиялық даму мен цифрландыру жөніндегі ректор кеңесшісі Тогрул Садыгов.
Сапар барысында делегациялар АТУ басшылығымен, факультет декандарымен және департамент директорларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайту және дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қонақтар үшін Бас оқу корпусына экскурсия ұйымдастырылып, университеттің ғылыми-техникалық базасымен танысуға мүмкіндік берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-техникалық бастамаларды жүзеге асыру жоспарын белгіледі. Бұл бастамалар өңірдегі үш жетекші технологиялық жоғары оқу орнының дамуына жаңа серпін береді.







