АТУ студенттеріне халықаралық Le Pain Quotidien наубайханалар желісінің өкілдері бірегей шеберлік сабағын өткізді

Тағам технологиялары факультетінің 6В07202 «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттеріне халықаралық Le Pain Quotidien наубайханалар желісінің өкілдері «Органикалық нан. Органикалық десерттер. Денсаулыққа пайдалы және саналы тамақтану» тақырыбында бірегей шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шараға «Le Pain Quotidien Almaty» компаниясының директоры Маржан Аксакал, бас наубайшы Мерей Джантасова, наубайшы Жақып Қаратас және кофехана менеджері Кристина Мозгалова қатысты. Қонақтар табиғи ингредиенттерді қолдануға, дәстүрлі пісіру технологияларына және саналы тамақтану қағидаттарына негізделген бренд тұжырымдамасын таныстырды.

Оқу-ғылыми нан орталығында компания өкілдері студенттерді органикалық нан мен десерттерді дайындаудың заманауи технологияларымен, табиғи шикізатпен жұмыс істеу ерекшеліктерімен, сондай-ақ дұрыс тамақтану индустриясының өзекті даму үрдістерімен тәжірибе жүзінде таныстырды.

АТУ коды – 053! Шекті балы – 50!
АТУ-ға түс! Ең үздік білімді таңда!
Толығырақ: +7 707 221 88 08, +7 (727) 221 88 08 ????