АТУ студенттері үшін «Вкусвилл» компаниясының өкілдері, «Вкусвилл» АҚ инновацияларды дамыту лидері, Сергей Куницын және «Вкусвилл»
АТУ студенттері үшін «Вкусвилл» компаниясының өкілдері, «Вкусвилл» АҚ инновацияларды дамыту лидері, Сергей Куницын және «Вкусвилл» АҚ инновацияларды дамыту менеджері Александра Мясникова "Аштық ойындары" атты бірегей воркшоп өтті! «Вкусвилл» компаниясы — бұл супермаркеттердің үлкен желісі және "Дұрыс тамақтану өнімдері" ретінде сатылатын өнімдердің өзіндік бренді.
Егер азық-түлікті тек азық-түлік және ауылшаруашылық мамандары жасайды деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Қазіргі заманғы шындықта азық-түлік өндірісімен барлық дерлік салалардың мамандары айналысады: экономистер мен маркетологтар, дизайнерлер, технологтар және It-мамандар. Воркшоп аясында студенттер функционалды тағам өнімдерін жасау бойынша идеялар жасады. Олар іс жүзінде тағам өнімдерін жасады, идеядан бастап өндіріске дейін және тұтынушыға сәтті сату процесі ескерілді. Үздік болу құқығы үшін 6 команда бақ сынасты, олардың әрқайсысында болашақ технологтарымыз, экономистеріміз, менеджерлеріміз, қаржыгерлеріміз, дизайнерлеріміз және IT мамандары бірікті.
«Аштық ойындары» воркшопының қорытындысы бойынша:
Жеңімпаз «FruYoFusion» командасы
Екінші орынды - «Қара Жұлдыздар» командасы
Үшінші орын – «Аутсайдер» командасы
Төрт орын – «Healthy bakery» командасы
Бесінші орын – «Booom квартеті» командасы
Алтыншы орын – «Fast Squid» командасы
Іс-шараны «Тағам өнімдірінің технологиясы» кафедрасы ұйымдастырды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен қызықты жобалар тілейміз!!!