АТУ студенттері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында: білім мен бизнестің тоғысуы
Алматы технологиялық университетінің студенттері үшін Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында кезекті танымдық кездесуі өтті. Университетіміз бен Палата арасындағы тұрақты ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған бұл шараға биыл «Экономика және бизнес» ЖМ жастары, қауымдастырылған профессор Н.А. Гумардың жетекшілігімен белсенді қатысты.
Университет үшін студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың практикалық тетіктерін өз көзімен көруі өте маңызды. Кездесу барысында Палата өкілдері студенттерге мынадай негізгі бағыттарды таныстырды:
- бизнес ортаны дамытудағы «Атамекеннің» рөлі мен шешетін міндеттері;
- кәсіпкерлердің құқығын қорғау және мемлекеттік органдармен диалог орнату жолдары;
- бизнеске көрсетілетін нақты қолдау шаралары мен жобаларды жүзеге асыру процесі;
- студенттерге Палата тарапынан көрсетілетін қолдау (дуалды оқыту, бизнес бастау, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері).
Шара еркін форматтағы сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Студенттер ерекше белсенділік танытып, мамандық бойынша тағылымдамадан өту, мансаптық өсу және Палатаның болашақ жобаларына қатысу туралы сұрақтарына мағыналы жауаптар алды. Дәл осындай тікелей қарым-қатынас сәттерінде жас мамандардың болашақ кәсіби бағдары мен алғашқы мақсаттары айқындала бастайды.
Алматы технологиялық университеті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына студенттердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өндіріс пен бизнес өкілдерімен байланысты нығайтуға атсалысқаны үшін алғыс білдіреді.


