АТУ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИБЕРСПОРТ АРЕНАСЫНДА

Алматы технологиялық университетінің Интеллектуалды және инженерлік жүйелер факультетінің 4-курс студенті, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының студенті Орақбай Нұрсұлтан Жеңісұлы халықаралық киберспорт додасында өнер көрсетті.

Нұрсұлтан Жеңісұлы 2026 жылғы 14–28 қыркүйек аралығында Өзбекстан Республикасында өткен PUBG MOBILE Global Open (PMGO) 2026 халықаралық турниріне қатысты.

Аталған турнир әлемнің әр түкпірінен келген үздік киберспортшылар бас қосатын ірі халықаралық жарыстардың бірі болып табылады. Турнир барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі бәсекелестік жағдайында өздерінің шеберліктерін, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін және командалық үйлесімділіктерін көрсетті.

АТУ студентінің халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысуы — оның спорттық және жеке қабілеттерін дамытуға, тәжірибе жинақтауға және Қазақстанның киберспорт саласында лайықты өнер көрсетуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Алматы технологиялық университеті студенттерінің білім алумен қатар спорттың заманауи бағыттары мен киберспорт саласында да өз қабілеттерін дамытуына қолдау көрсетеді.
Нұрсұлтанға алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!