АТУ студенті Дильназ Бектаева — EURASIAN FASHION WEEK аясында өткен жас дизайнерлер арасындағы халықаралық байқау жеңімпаздарының қатарында

Халықаралық жетекші сән подиумдарының бірі - EURASIAN FASHION WEEK аясындағы кезекті сән жеңісімен Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің «Fashion дизайн» білім беру бағдарламасының студенті Бектаева Дильназды құттықтаймыз! Дильназ сән және дизайн әлемінің мега оқиғаларының бірі - Eurasian FASHION WEEK аясында өткен "Fashion FOR FUTURE" халықаралық жас дизайнерлер байқауының жеңімпаздарының бірі болды. Біздің студент ұлттық мұраны заманауи сәнмен жаңғыртуды бейнелейтін «RE: ROOT» топтамасын байқаудың жұлдызды қазылар алқасына ұсынды. Жобаны құру кезінде Дильназдың тәлімгері және ғылыми жетекшісі «Дизайн» кафедрасының оқытушысы, ассистент-профессор, PhD, Смайлова Ульжан Үсеналиқызы болды. Коллекцияның басты идеясы - ұлттық мұраны жаңа формада ұсыну, қазақтың дәстүрлі киім элементтері мен қолөнер техникасын жастар сәнінің заманауи трендтерімен үйлестіру. Лайықты жеңісі мен дипломының арқасында Дильназ 2027 жылдың көктемінде өтетін EURASIAN FASHION WEEK-те өз топтамасын тегін ұсыну құқығына ие болды!

АТУ-да дизайн және fashion жұлдыздары дүниеге келеді! Өз талантыңды аш, трендтер жаса, шығармашылық қабілетіңді жүзеге асыр және сән мен стиль әлеміне есік ашатын білім ал! Өсу мен дамудың шексіз мүмкіндіктері!

Инста парақшамызды бақылап жүріңіздер, жақында EFW-пен бірге бұдан да көп жарқын және қызықты роликтер болады.